Пятница, 24.11.2017, 21:22Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Сайт-портфолио Ожанова Загира
Меню сайта
Наш опрос
Мұғалімдерге бірдей үлгіде киіну қажет пе?
Всего ответов: 34
Форма входа

Жануарлар әлемі және олардың мекен ортасына бейімделуі


Пән:    Дүниетану 

Сабақтың тақырыбы:     Жануарлар әлемі және олардың мекен ортасына бейімделуі 

Сабақтың дидактикалық мақсаты: Жануарлардың көп түрлілігі мен олардың тіршілік  етуге бейімделу қасиеттерінен мағлұмат беру 

Сабақтың міндеттері:

·        Өткен тақырыптар бойынша жануарлар әлемі туралы білімді еске түсіру арқылы жинақтау.

·        Жануарлардың мекен ортасына бейімделу ерекшелігін танып түсіну.

·        Табиғатты сүю сезімін аялап қорғау сезімімен ұштастыру. 

Мұғалімнің мақсаты: Оқушылардың теориялық білім негізі деңгейінің қандай екенін  және оны оқушылардың түрлі әрекет арқылы көрсету іскерліктерін  байқау 

Сабақтың типі: білімді бекіту, қайталау сабағы 

Қолданылған әдістер: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, индукция-дедукция, СТО стратегиялары 

Жүргізілу формасы:   топпен жұмыс, ұжымдық-бөліскен іс-әрекет 

Сабақтың жабдығы:   қорытынды парақтар, балалардың сызбалары, диаграммалар, шығармашылық газет, кесте, зерттеу жұмыстары

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа дайындау.

І. Қызығушылықты ояту

-Балалар, сендер топ болып өздеріңе берілген тапсырма бойынша жұмыс орындап келіп отырсыңдар, қалай орындадыңдар, қандай қиыншылыққа кездестіңдер, оны кімнің көмегімен шештіңдер сол жайында айтсаңдар.

( Әр топ өз тапсырмаларының орындалуларын көрсетеді)

1-топ. Жануарлардың тіршілігіне не қажет? (сызба бойынша сөйлейді)

2-топ. Жануарлардың алуан түрлілігі. (кесте бойынша сөйлейді)

3-топ. Ұлу мен бал арасын салыстыру. (Венн диаграммасы)

4-топ. Табиғаттағы біртұтастық. (сызба бойынша сөйлейді)

5-топ. Жануарларды қорғау. Қорықтар. (шығарған газеттерін қорғайды)

 

ІІ. Мағынаны ажырату

Мұғалім:

-Балалар, сендер тарауды оқу барысында жануарлардың сан алуан екеніне тағы да көз жеткіздіңдер. Өздеріңе ұнаған және қызықтырған жануарлар туралы зерттеу жұмысын орындаған оқушылар да бар шығар? Ендеше, сол кішкене жануартанушы-ғалымдарды пресс-конференцияға шақырайық.

Пресс-конференцияда оқушылар өздері зерттеген төмендегідей тақырып-жобаларын қорғады :

1.      «Ақ аю – ирбис» тақырыбы бойынша

2.      «Таулы өлкемнің жануарлары» тақырыбы бойынша

3.      «Зайсан көлінің балықтары» тақырыбы бойынша

4.      «Менің жануарлар әлемін қорғауға үлесім» тақырыбы бойынша

Тыңдаушылар тарапынан мынандай сұрақтар болды:

1. Сізге бұл тақырыпты таңдауға кім көмектесті?

2. Жануарлар туралы мәлімет жинау қиын ба?

3. Зерттеу жұмысымен қашаннан бастап айналысасыз?

4.Жұмысты алдымен неден бастадыңыз?

5. Зерттеу жұмысыңызды ары қарай жалғастырасыз ба? т.б. 

ІІІ. Қорытынды 

    Балалар, біз бүгінгі сабақта жануарлар туралы не айттық, не білдік? Кім қандай қорытынды жасап отыр? Осы ойларыңды топ болып ақылдаса отырып қорытынды параққа түсіріп берсеңдер.

(Балалар қорытынды парақты толтыру барысында сабақ туралы ойларын білдіріп қана қоймай, сабаққа баға да береді).

Сабақ «керемет» болды - 15 оқушы

Сабақ «ұнады» - 4 оқушы

Сабақ «орташа» - 1 оқушы

Сабақ «ұнамады»  0 оқушы

Ал оқушылардың өз білімдеріне баға қою көрсеткіші төмендегідей болды:

«Жоғары деңгей» - 10 оқушы

«Жоғарыдан төмен» деңгей – 6 оқушы

«Орта» деңгей – 4 оқушы 

Сабақ соңы. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Үйге тапсырма беру:

1.Жануарлар туралы ізденіс-зерттеу жұмысын жасауды жалғастыру

(Сабақ үлгісін жүктеу)

Түртіп жіберсеңіз!
Қош келдіңіз!
Әлеуметтік сілтеме
Поиск