Менің өзекті тақырыбым: «Жеке тұлға етіп қалыптастыруда баланы өз іс-әрекетіне сын көзбен қарап бағалауға үйрету». Сондықтан оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастырудағы ең бірінші әрекетім- қарым-қатынасты қалыптастыру. Коммуникативтік икемділік қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория-тәжірибені, диалогтік және пікір таластық әдістемелерді жүйелі қолдану барысында оқушыларымның өз көзқарастарын дәлелдей білу, сұрақтарды нақты қоя білу дағдыларының жақсы қалыптаса бастағанын байқаймын.