Сыныптағы оқушыларым іс-әрекеті, мінезі тұрғысынан бір-біріне ұқсамайды. Дарынды балаларды байқамай қалу мүмкін емес. Ол бала әрқашан ерекше қабілеттерімен, өзінің қол жеткізген мүмкіндіктерімен көзге түсіп тұрады. Оқушыларымның қабілеттілігі мен дарындылығын бақылау, әңгімелесу, ата-анамен байланысу және оқу-тәрбие шараларындағы тапсырмаларды орындаудағы іскерлігі, ББД-ны тексерудің әр қилы тәсілдерін қолдана отырып білім деңгейлерін анықтау нәтижелері арқылы анықтай білдім.