Ғылыми жобаның мақсаты:
Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің түр құрамы мен
ерекшеліктерін анықтау.
Ғылыми
жобаның алдына келесідей міндеттер қойылды:
- Вистениус-Панкратьев
бағының тарихы мен ерекшелігін білу;
- Материалды
жинау және өңдеу әдістерін меңгеру;
- Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің
түр құрамы мен ерекшелігін анықтау;
Ғылыми
жобаның өзектілігі: Мен химия - биология бағытындағы мектепте
оқығандықтан, өзімнің жоба жұмысымды туған жерімнің табиғатын
зерттеуден бастадым. Менің зерттеу объектім Шығыс Қазақстан облысындағы
Вистениус-Панкратьев бағы және онда
мекендейтін көбелектер. Вистениус –
Панкратьв атындағы бақта
мекендейтін зиянкес насекомдардың түр
құрамы алғаш қарастырылып отыр.
|