КІРІСПЕ
Қабыршақтылар немесе көбелектер – эволюциялық жағынан жас
группа.
Көбелектер барлық
бунақденелілердің ішіндегі ең танымалысы. Көбелектердің әдемілігіне таң
қалмайтын адам жоқ. Көне Римде «көбелектер жұлынып қалған гүлдерден пайда
болды» - деген ойларға сенген. Көбелектің қанаттары әр – түрлі түстерге
боялғандықтан әдемі болып келеді. Сонымен қатар
қанаттарының жүйкелері маңызды систематкалық белгі.
Олардың қалдықтары жер қыртысынан
бірінші гүлді өсімдіктер пайда болған кезден-ақ
табылған. Қабыршақтылар мен гүлді өсімдіктердің эволюциясы параллельді
дамып келді. Қазіргі кезде 140 мың түр белгілі.
Омыртқасыз жануарлардың алуан
түрлілігін сақтауда қорғалатын аймақтардың маңызы зор. Пайдалы омыртқасыз
жануарларды қорғау және тиімді пайдалану биологиясына, экологиясына,
популяцияның саны мен құрылысына,
таралуына және т.б. негізделу керек. Өкінішке орай, мұндай мәліметтер
омыртқасыз жануарлардың көптеген топтары үшін жоқ немесе үзінді түрінде ғана.
Сондықтан өңіріндегі
қабыршаққанаттыларының биологиясын зерттеуді жөн көрдік.